Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағындағы өрт толықтай сөндірілді
АСТАНА. KAZINFORM – Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағындағы өрт толықтай сөндірілгенін мәлімдеді.

28 сәуір күні сағат 11:50 жағдайына сәйкес өрт толық сөндірілді.
Өртті сөндіруге жұмылдырылған күштер мен құралдар:
• ЭТРМ — 33 адам, 7 техника бірлігі (оның ішінде 1 тікұшақ Қазавиорманқорғау және 3 авиадесантты өрт сөндіру станциясы);
• ТЖД — 31 адам, 7 техника бірлігі;
• ЖАО — 25 адам, 5 техника бірлігі.
Қосымша күштер мен құралдар жіберілді:
• Қарағанды облысының ТЖД — 74 адам, 11 техника бірлігі;
• Семей, Өскемен және Қарағанды қалаларынан АО «Қазавиаспас» борты ұшып шықты;
• Екі әуе кемесі 6 рет су шашты.
Бұл іс-шаралар Қарқаралы қаласындағы МҰТП өрт сөндіру бекеті ұйымдастырған штабпен жүзеге асырылды.
- Өрттің таралуын болдырмауға бағытталған барлық жұмыстар аяқталды. Өрттің себебі мен аумағы қызметтік тексеру нәтижелері бойынша 10 күн ішінде анықталады, - делінген комитет дерегінде.
Айта кетейік, бұған дейін Қарқаралы ұлттық табиғи паркінің аумағынан өрт шыққанын жазғанбыз.
Қарқаралы ұлттық табиғи паркінің аумағындағы өрт оқшауланды.