Қарқаралыдағы фототұзаққа қасқырлар түсіп қалды
АСТАНА. KAZINFORM — Бір фототұзақ Қарқаралы табиғатының алуандығын көрсетті.
Бір фототұзақ, ал оның алдынан өтетін жабайы тіршілік әр жолы бөлек.
Бұған дейін Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орнатылған фототұзақ бүркіттің екі балапанын, ал түнде бұғыны тіркеген еді. Бұл жолы дәл осы маңнан қасқырлар көрінді.
Бір аумақта әртүрлі жануарлардың кезек-кезек кадрға түсуі Қарқаралының жабайы табиғатындағы тіршіліктің қаншалықты алуан екенін көрсетеді.
Айта кетелік Қарағанды хайуанаттар бағында поляр қасқырлары пайда болған еді.