Қарқаралыдағы өрттен зардап шеккендердің жағдайы тұрақты – басқарма

ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM – Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы дала өртін сөндіру кезінде күйік шалған 4 өрт сөндірушінің жағдайына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Кazinform агенттігінің тілшісі. 

Өрт
Фото: Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

«Қарқаралы ауданының Шөптікөл ауылының маңында дала өртінің салдарынан төрт адам зардап шекті. Төртеуі де Қарқаралы аудандық орталық ауруханасына жатқызылды. Содан кейін олар бізге Х. Мақажанов атындағы клиникаға жеткізілді. Барлық зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетілуде. Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы тұрақты», - деді Х. Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың травматологиялық орталығының басшысы Берік Төлеубаев.

Естеріңізге сала кетейік, 6 қазанда Қарқаралы ауданында дала өрті басталды. Өртті сөндіру кезінде 24-ӨСБ азаматтық қорғау сержанты Хали Хайрат қаза тапты. 

Дала өртін сөндіру үшін ТЖМ барлық қызметі, оның ішінде ТЖД 111 қызметкері, құқық қорғау органдары, 27 түрлі техника жұмылдырылды, өрт сөндірудің жедел штабы ашылды. Облыс әкімі оқиға орнында жедел штабпен кеңес өткізді.

Соңғы жаңалықтар