Қарқаралы мемлекеттік табиғи паркінде бизон бұзаулады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарқаралы мемлекеттік табиғи паркінде бизон бұзаулады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахметке сілтеме жасап.
«Бүгін Қарқаралы мемлекеттік табиғи паркінде жартылай еркіндікте сақталынып келе жатқан бизон төлдеді. Бұл табиғатта өте сирек кездесетін жағдайдың бірі» - деп жазды ол өзінің Фейсбук парақшасында.
Айта кетсек, бизон - Қарқаралының тарихын мұз дәуірімен жалғастыратын көзі тірі жануар. Бизон - дене бітімінің үлкендігі мен физикалық қуат күшінің молдығымен ерекшеленетін, қуысмүйізділер тұқымдасына жататын жабайы. Бизонның бұқасы дүниежүзіндегі жануарлардың ішіндегі ең ірісі болып саналады.