Қарқаралыда Тоқтар Әубәкіровтің мерейтойы аталып өтілді (ФОТО)
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында - атақты жерлестері, Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің 70-жылдығы мен оның алғашқы ұшырылымының 25-жылдығына арналып үлкен мереке ұйымдастырылуда. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұған дейін ғарышкерді облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков құттықтап, облыс орталығында шара өткізілген. Енді Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Халық батырының мерекесі оның туған өлкесі - Қарқаралыда жалғасуда. Одан әрі олар алғашқы қазақстандық ғарышкердің ата-бабасына зиратына барып, олардың рухына құран бағыштады. Артынша аудандық ипподромда ат спортынан жарыс өтті.
Ғарышкерді авиация мен ғарыш тарихымен байланысты тұлғалар құттықтады: олардың қатарында - сынақшы ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры - Георгий Мосолов, РФ еңбек сіңірген машина жасаушысы Валерий Новиков, ресейлік ғарышкер Валерий Корзун т.б.
Сондай-ақ, құрметті қонақтардың ішінде Т. Әубәкіровпен ғарышқа ұшқан, экипаж мүшелері - КСРО ұшқыш ғарышкері, Кеңес Одағының батыры Александр Волков пен Австрияның тұңғыш ғарышкері Франц Фибек те бар.
Мерейтойға сондай-ақ опера әншісі, КСРО халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері, Қазақстан халық әртісі Бибігүл Төлегенова, қазақ композиторы, әнші, Қазақстан халық әртісі Ескендір Хасанғалиев келді.
Салтанатты жиын мерекелік концертпен, театрландырылған қойылыммен жалғасты.