Қарқаралыда Ұлы дала анасына арналған ескерткіш ашылды
Монумент қоладан жасалған, оның биіктігі тұғырмен бірге 7,5 метрді құрайды. Мүсіннің авторы – Бейбіт Мұстафин. Ескерткіштің орнатылуына Орталық Қазақстан Академиясының ректоры Бақтыбай Жүнісов бастамашы болды.
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек ескерткіштің ашылуында Қарқабат ана – халық бірлігін, патриотизмді және парасаттылықты білдіретін нышандарының бірі екенін атап өтті.
– Қаркабат ана барлық аналардың ұлы анасы деп аталады. Ол қазақ даласындағы аналардың барлық жақсы қасиеттерін, бүкіл халықтың анасын бейнелейді. Қарқабат-ананың даналығы, өмір жолы мен бейнесі өскелең ұрпақ үшін үлгі болады, – деді Жеңіс Қасымбек.
Аңыз бойынша, Қарқабат ананың кенже ұлы Болаткожа Қаракесек деп аталып кеткен.
– Қазақ халқының тарихында із қалдырған ұлдардың (ұлы Қазыбек биден бастап батыр-ғарышкер Тоқтар Әубәкіровке дейін) анасының есімі ешқашан ұмытылмайды. Бұл ескерткіш болашақ ұрпақты тәрбиелеу үшін қажет, – деп атап өтті ҚР Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет.