Қарқаралыда үйінің жанында әйелге шабуыл жасаған күдікті ұсталды – Қарағанды облысы

ҚАРҚАРАЛЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Қарқаралы қаласында ер адам әйелге үйінің жанында шабуыл жасаған болатын. Бүгін түнде күдікті Қарағанды қаласында құрықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарқаралыда үйінің жанында әйелге шабуыл жасаған күдікті ұсталды – Қарағанды облысы

Кеше Қарқаралыда тапа-тал түсте үйінің ауласында 51 жастағы әйелге шабуыл жасады деп күдік келтірілген адам Қарағандыда ұсталды.

«25 тамыз күні түнде Қарқаралы аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция басқармасы, «Арлан» арнайы мақсаттағы жасағының Қарағанды қаласында жүргізген бірлескен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, Қарқаралы ауданы тұрғынына шабуыл жасады деген күдікпен 30 жастағы азамат ұсталды. Ол облыстық Полиция департаментіне жеткізілді», - деп мәлімдеді Қарағанды облысының ПД Баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта алдын ала тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыскердің неліктен шабуыл жасағанын анықтап жатыр.