Карла Бруни қызына Джулия деген есім берді
АСТАНА. 21 қазан. ҚазАқпарат - Франция президентінің зайыбы Карла Бруни сәбиіне Джулия деген есім берді.
«Біздің қызымыз Джулия дүниеге келгелі бері толассыз түсіп жатқан құттықтауларға өте ризамын», - деп жазды Францияның бірінші ханшайымы Carlabrunisarkozy.org сайтында.
«Осы қуанышты оқиғаға орай өз ықыласын білдірген азаматтарға менің жұбайым да алғысын білдіреді», - деген Карла Брунидің сөзін жариялады ВСМ.
Агенттіктің нақтылауынша, Франция президенті мен әнші әрі модельдің қыздарының есімі Giulia деп жазылады. Италиялық нақышта ол Джулия деп оқылса, венгерше - Юлия. Мұндай есімнің берілуі, Карла Бруни италиялық, Туринде дүниеге келген.
Естеріңізге сала кетейік, президент отбасының көптен күткен қыздары 19 қазанда кешке париждік «Ла Мюэт» клиникасында туды. Осылайша Николя Саркози қызметі кезінде отбасында сәби дүниеге келген тұңғыш Франция президенті атанды. Бұл Франция президентінің бірінші қызы. Оның бұған дейінгі некелерінен үш ұлы бар. Ал Карла Бруни үшін ол екінші бала. Оның бірінші некеден туған ұлы биыл 10-ға келді.