Карла Бруни жаңа туған қызымен клиникадан шықты

АСТАНА. 24 қазан. ҚазАқпарат - Карла Бруни-Саркози жаңа туған нәрестесі Джулиямен бірге Париждің «Ла Мюэт» клиникасынан үйіне шығарылды, деп хабарлайды Bnews.kz Newsru.com cайтына сілтеме жасап.

Карла Бруни жаңа туған қызымен клиникадан шықты

Францияның бірінші ханымы клиникадан қызын өзі қолына ұстап шықты. Ғимараттың қасында кезекпен күтіп тұрған бірнеше ондаған фотографтар сәбиді тарихи естелікке жазу мақсатында фотокамераларын жарқ-жұрқ еткізіп түсіруде.

Шағын қоңыр көрпешеге оралған сәбиін кеудесіне қысқан Бруни оққағарларының қошеметтеуімен машинаға отырды да кете барды.