Карло Анчелотти жазда Реал тізгінін ұстайды - БАҚ

АСТАНА. 28 сәуір. ҚазАқпарат - Италияның Mediaset ақпарат агенттігі ПСЖ командасының бас бапкері Карло Анчелотти жазда «Реалға» ауысады деген ақпарат таратты. 53 жастағы бапкер өз шешімін Париж командасының басшылығына да хабарлаған.
None
None

Бұл туралы «Аламан» ұлттық спорт порталынан хабарлады.

Ал «Реал» бапкері Жозе Моуриньо келер маусымда «Челси» командасына оралуы мүмкін. Анчелотти қазір ПСЖ клубымен Франция чемпионатын ұтуға жақын. Париждік команда ел біріншілігін сонғы рет 1994 жылы ұтқан еді.

Карло Анчелоттидің орнына ПСЖ тізгінін чилилік Мануэль Пеллегрини ұстайды деп күтілуде. Пеллегрини қазір «Малаганың» бапкері.

Соңғы жаңалықтар