Карлос Молина Халықаралық бокс федерациясы нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды
АСТАНА. 15 қыркүйек. ҚазАқпарат - Мексикандық Карлос Молина Халықаралық бокс федерациясы нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын жеңіп алды.
Ол американдық Ише Смиттен судьялар шешімімен басым түсті.Жекпе-жек Лас-Вегасте өтті, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
Молина кәсіби бокста осымен 22 рет жеңіске жетіп отыр. Сонымен қатар ол 5 жеңілістің ащы дәмін татқан еді. Ал, Смит кәсіби шаршы алаңда 25 рет бсым түсіп, алты кездесуін жеңіліспен аяқтаған болатын.