Карлсен шахматтан онлайн-супертурнирінің жеңімпазы атанды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлем чемпионы норвегиялық Магнус Карлсен Magnus Carlsen Invitational супертурнирінің финалында америкалық Хикару Накамураны жеңді. Турнир Chess24 сайтында онлайн режимінде өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Төрт партия қорытындысы бойынша норвегиялық шахматшы 2,5:1,5 есебімен жеңіске жетті.

Жарысқа сегіз шахматшы қатысты. Жартылай финалда 32 жастағы американдық өзінің отандасы Фабиано Каруанудан басым түсті, ал 29 жастағы норвегиялық шахматшы қытайлық Дин Лижэньді жеңген болатын. Турнирдің жүлделік қоры 250 мың долларды құрайды, жеңімпаз 70 мың долларды еншілейді.

Карлсен – шахматтан 16-шы әлем чемпионы, тарихта бірінші абсолютті әлем чемпионы (үш санатта: классикалық шахмат, рапит және блиц бойынша жеңімпаз).

Ол небәрі 19-ында Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) рейтингінің бірінші орнын иеленген ең жас шахматшы.

Накамура АҚШ-тың бес дүркін чемпионы. 15 жасында FIDE халықаралық гроссмейстері атағына ие болып, бұдан бұрын Роберт Фишер орнатқан америкалық шахматшылар арасындағы рекордты жаңартқан.


Соңғы жаңалықтар