Қарлы боранның салдарынан Алматы-Ташкент тас жолындағы «Қордай» асуында қозғалыс шектелді - ТЖМ

АСТАНА. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында қарлы боранның салдарынан автожолдардың жабылуы себепті 150 автокөлік Алға ауылы мен «Отар» бақылау бекетінде тұр.

Қарлы боранның салдарынан Алматы-Ташкент тас жолындағы «Қордай» асуында қозғалыс шектелді - ТЖМ

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, қаңтардың 19-ы күні сағат 13.30-да республикалық маңыздағы Алматы-Ташкент автожолының «Қордай» асуы аумағындағы учаскеде қар құрсауында екі жеңіл автокөлік қалып қойған. Тағы 150 көлік боранның салдарынан Алға ауылы мен «Отар» бақылау бекетінде тұрақтауға мәжбүр. Адамдарға жылыну және тамақтану орындары ұйымдастырылды.

Қазіргі уақытта аталмыш аумақты қардан тазарту жұмыстары жүргізілуде.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты, қаңтардың 19-ы күні сағат 22.00-де республикалық маңыздағы Алматы-Ташкент тас жолындағы «Қордай» асуында автокөлік қозғалыстарына тыйым салынды.