Қарлығаштар саны неге азайып отыр?
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ирландияда жыл сайын қарлығаштар саны азайып келеді. Birdwatch жергілікті табиғат қорғау қорының мәліметтері бойынша бұл жаһандық жылынуға байланысты, деп хабарлайды ИТАР ТАСС.
Жыл сайын көктемде Оңтүстік Африка Республикасынан Ирландияға 10 мың шақырым қашықтықты еңсеріп, 500 мыңға жуық қарлығаш ұшып келеді екен. «Күн райының жылынуына байланысты құстар ерте келе бастады. Осыған байланысты ауыр жолға шыдап, діттеген жеріне жететін қарлығаштар саны жылдан жылға қысқарып келеді», - дейді қор өкілі Найл Хетч. Оның айтуынша, Сахара шөлі аймағының кеңеюіне байланысты құстарға азық табу қиындап жатыр.