«Қарсы» қоғамдық жастар қозғалысының бастауымен «Хат» акциясы өтті
АНА. Тамыздың 21-і. ҚазАқпарат /Құралай Орынбекқызы/ - Бүгін Министрлер үйінің алдында «Қарсы» қоғамдық жастар қозғалысының ұйымдастыруымен «Хат» акциясы өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Акцияның негізгі мақсаты - азаматтардың мемлекеттік органдарға жазған хаттарын қарастырудың сапасын көтеруге арналған шаралар жиынтығын жүзеге асыру болып табылады. Бұл шара ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша іске қосылды.
Ұйымдастырушылар 2009-2010 жылдарға арналған оңтайлы шешімдердің пайыздық деңгейін көтеру міндеттерін қойып отыр. Осы орайда, олар тапсырмалардың уақтылы орындалуын қадағалау шараларын бақылауға алды.