Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесі өзгертілді

«ҚазАқпарат» құжаттың толық мәтінін ұсынады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
2013 жылғы 12 ақпан №119 Астана, Үкімет Үйі
«Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін,
оларды жүргізу ережесін және халықтың жоспарлы егілуге жатқызылатын
топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2295 қаулысына
өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу ережесін және халықтың жоспарлы егілуге жатқызылатын топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2295 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 4, 45-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Профилактикалық егу жүргізу ережесіне қосымшада:
«Республикалық бюджет қаражаты есебінен қарсы егулер жүргізілетін инфекциялық аурулар» деген 1-бөлімнің кестесінде:
«Дифтерия сіреспе (АДС)» деген 7-баған, «Дифтерия (АД-М)» деген 8-баған алынып тасталсын;
1) тармақшада:
«18 ай» деген жолдың «Полиомиелит (ОПВ), (ИПВ)» деген 3-бағаны «+» деген белгімен толықтырылсын;
«6 жас (1-сынып)» деген жолдың «Көкжөтел, дифтерия, сіреспе (АКДС, АбКДС)» деген 5-бағаны «+» деген белгімен толықтырылсын;
«
12жас |
|
|
|
|
|
+ |
|
|
|
|
|
|
|
»
деген жол алынып тасталсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.Ахметов.