Қарсыласын кіл нокаутқа түсіретін Мұса Тұрсынғалиев енді кіммен айқасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жартылай орта салмақта жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Мұса Тұрсынғалиевтің (8-0, 6 КО) кезекті жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.
None
None

Жерлесіміз 1 наурыз күні Голливудтағы (Флорида штаты, АҚШ) Seminole Hard Rock Hotel & Casino аренасында айқасады. Сегіз раундтан тұратын кездесуде оған кім қарсылас болатыны әзірге белгісіз.

Мұса Тұрсынғалиев бұған дейінгі соңғы жекпе-жегін де былтыр 28 қыркүйекте осы аренада өткізген. Сол жекпе-жекте төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен колумбиялық Дейви Хулио Бассаны (20-6, 12 КО) жеңген болатын.

Айта кетейік, бірнеше ай бұрын Тұрсынғалиев жуық арада WBA International титулына таласуды жоспарлап жүргенін мәлімдеген еді.

Фото: sportx.kz

Соңғы жаңалықтар