Қарт майдангер Әубәкір Уәлиев: Ұлы Жеңістің 70 жылдығы аясында барлық шараларға баруға тырысамын

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық қарт майдангер Әубәкір Уәлиев ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында жастарды отансүйгіштікке тәрбилеуде ардагер қарттарды ұмытпау керектігін жеткізді.

Қарт майдангер Әубәкір Уәлиев: Ұлы Жеңістің 70 жылдығы аясында барлық шараларға баруға тырысамын

«Биыл айтулы жыл екенін білесіздер және бұл 70 жылдық біз үшін өте маңызды. Сондықтан да Ұлы Жеңістің 70 жылдығы аясында ұйымдастырылатын барлық шараларға баруға тырысамын деп жоспарлап отырмын. Денсаулық жағдайым мүмкіндік беріп жатса, ұрыс өткен жерлерге де, әскери шеруге де баруға дайынмын», - деді қарт майдангер. Биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өту аясында ТМД бойынша 2015 жыл Ардагерлер жылы болып бекітілді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен елімізде Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету бағытында тиісті шаралар ұйымдастырылды. «Жақында Мемлекет басшысының атынан әкімдік құттықтады. Елімізде қарт майдангерлерге деген құрмет жақсы және осындай қамқорлық жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуде өзіндік үлесін қосуда. Мемлекетімізде бейбітшілік пен тұрақтылық бұзылмасын. 2015 жылы Қазақстан өз алдына қойған мақсат, міндеттерін орындауда жемісті болсын тілеймін»,-деді ардагер өз құттықтауында. Қарт майдангер Беларусь жерінде өткен соғыстарға қатысып, Еуропаның басқыншы фашистерден азат ету ұрыстарында ерлікпен шайқасты.