Қартайғанда кезде де денсаулықты қалай сақтауға болады?

РФ Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Ресей ұлттық зерттеу медициналық университетінің «Герантология» орталығының директоры, Ресей Медицина ғылымдары академиясының академигі Владимир Шабалин осындай пікірін білдірді, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
«Ең алдымен, адамның дене қызметі мен интеллектуалдық қызметіне бірдей тұрақты жүктеме болуы тиіс. Әйтпесе, адам қажи бастайды. Спортшы сияқты жаттықса, бұлшық еттері, сүйектері және басқа да ағзалары дамиды, сол сияқты адамның бас миы да үнемі жұмыс үстінде болуы тиіс», - деді ол.
Дәрігердің айтуынша, ұйқы гигиенасына, сондай-ақ сезімдерін басқаруға үйрену қажет, сонда ұзақ өмір сүруге болады.
Шабалиннің айтуынша, ұзақ өмір сүрудің тағы бір құпиясы - жақсы тамақтануда. Экзотикалық диетаға әуес болмау қажет. Адам әуелден қандай тағамдарға әдеттенсе, соны ұстануы қажет. Егде тартқан сайын мал және өсімдік тағамдарының арақатынастарын сақтай отырып, екіншісіне қарай көбірек ойысу қажет, дейді ол.