Қарттар өмір сүруі үшін ең қолайлы қала анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық "Интернэшнл ливинг" басылымы зейнеткерлер үшін ең қолайлы елдердің рейтингісін шығарды.
Рейтингті шығару барысында баспана құны, жылжымайтын мүліктердің бағасы, климат пен медициналық қызмет көрсетудің сапасы ескерілді. Белгілі болғандай, бұл жолы да көш басында Эквадор тұрды. Эквадорда азық-түлік, киім-кешек, көлік бағалары АҚШ-қа қарағанда анағұрлым арзан. Бұл жерде пәтер жалдау құнын қосқанда айына 1,5 мың долларға өмір сүруге болады екен. Дәрігерге қаралу 10 доллар, ал мейрамханада тамақтану 2,5 доллар шамасында. Эквадордағы 65-тен асқан қарт адамдарға әуе, қоғамдық көліктерге жеңілдіктер жасалған.
Журналдың тізіміне барлығы 25 мемлекет енді. Екінші орында Панама, үшінші орында Мексика тұр. Сондай-ақ Малайзия, Коста-Рика, Мальта, Испания, Колумбия, Португалия мен Таиланд үздік ондықтар қатарында, деп жазады шетелдік БАҚ.