Қарттар үйі тақырыбынан жаңалық іздеуге болмайды - Дулат Исабеков

АЛМАТЫ. 4 мамыр. ҚазАқпарат - Қарттар үйі тақырыбынан  жаңалық іздеуге болмайды.  Жазушы, драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Дулат Исабеков кеше Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік акдемиялық драма театрында Дональд Кобурнның «Жынойнақ» деп аталатын трагикомедияның тұсаукесерінде осындай пікір білдірді.

Қарттар үйі тақырыбынан  жаңалық іздеуге болмайды - Дулат Исабеков

«Қартар үйі тақырыбында әлемде қойылым өте көп. Оны ауық-ауық жаңартып тұрған да жақсы шығар деп ойлаймын. Қарттар үйі деген құлақ естіп, көз көрмеген мәселелер еді, бізге де жетті. Әсіресе, шығыс халқына бұл өліммен тең ұят нәрсе болатын. Бұл пьесса таза актерлік ойынға құрылған. Картаны білмейтін кемпір ақырында жолы болғышқа айналып, сау мен жындының арасына келіп тоқтаған қоғамның өмірін, адамдардың трагедиясын көрсетеді», - дейді Д. Исабеков. Оның айтуынша, қандайда бір шығарманы сахнаған кезде режиссерлердің алдына қойған өз міндеті болады. Әр актерге рөл тауып беру деген. Ол үлкен мәселе. Қарттар үйі туралы «Отыз ұлың болғанша» деген қойылым бар. Онда Шолпан Жандарбекова, Фарида Шәріпова, Сәбит Оразбаев сияқты аға буыл өкілдері ойнады. Олар күнделікті спектакльдерден тыс қалған актерлер болды. Соларға рөл тауып беру керек болғандықтан оларды бос отырғызып қоймас  үшін режиссер кейде сондай репертуарды таңдап алады. Бұдан жаңалық іздеуге болмайды. Ол тұйыққа тірелген адамдардың тіршілігін көрсету арқылы  адамдарды ойландыруға бағытталған.