Қарттар үйінде роботтар қызмет жасайтын болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Данияда қарттар үйінде кіші медициналық қызметкерлерді роботтар алмастыратын болды, деп жазады ИТАР-ТАСС.

Қарттар үйінде роботтар қызмет жасайтын болды

Корольдікте қарт адамдардың күтіміне жылдық ЖІӨ-нің оннан бір бөлігі жұмсалатын көрінеді. Бұндай шығынға жол бермес үшін шенеуніктер кіші медициналық қызметкерлерді - санитарлар, тазалықшылар, науқасты күтушілерді роботтармен алмастыру туралы шешімге келді. Бұндай шешімге қарттар алғашқы кезде наразы болған еді. Ал қазірде олардың «темір көмекшілеріне» бойлары үйреніп, шағымдары азая түсті.

Дания статистикасының мәліметтеріне қарағанда, қазірдің өзінде мемлекет 65 жастан асқан әр қартқа жұмсалатын қаражаттан 10 851 крон (1 454 еуро) үнемдеген екен.