Қарттардың жайлы өмір сүруіне ең қолайлы ел анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - HelpAge International ұйымы қарт адамдардың өмір сапасына қатысты жаңа рейтингті жариялады. Онда бірінші орынды Норвегия алады, деп хабарлады Би-би-си.
Рейтингті құрастыру кезінде 60-тан асқан адамдардың әлеуметтік және материалдық жағдайлары ескерілді. 96 мемлекеттен тұратын тізімнің соңында Ауғанстан тұр. Оны құрастырушылардың бағалауынша, мұнда қарттардың өмір сүру деңгейі аса төмен. Қарттардың жайлы өмір сүруіне жағдай жасалған мемлекеттердің қатарындағы Норвегия бастаған үздік бестікке сонымен қатар Швеция, Швейцария, Канада мен Германия елдері еніп отыр.