09:53, 14 Қаңтар 2026 | GMT +5
«Қару» іс-шарасы аясында Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару тәркіленді
АСТАНА. KAZINFORM — Ішкі істер министрлігі 9-12 қаңтар аралығында республикалық «Қару» жедел іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шараның нәтижесінде:
— заңсыз айналымнан 340 қару, және 2 мыңнан астам, оқ-дәрі тәркіленді;
— 14 криминалдық қару алынды, оның ішінде 8-і Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған, 6 қару бұрын жоғалған;
— алыстағы шаруа қожалығы тексеріліп, 70 атыс қару тәркіленді;
— тұрғындар 35 қаруды өз еркімен полицияға тапсырды.
Ішкі істер министрлігі еске салады: заңсыз сақталған қаруды, өз еркімен тапсырған азамат қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қостанай қаласының тұрғыны трафикті бұрмалап, деректерді сыртқа шығарғаны үшін сотталғанын жазғанбыз.