Қару-жарақ және әскери-техникалық мүліктер көрмесін өзге елдер сияқты екі жылда бір рет өткізіп отырған дұрыс - М.Алтынбаев
Өйткені бұл елімізге де бізден өзге мемлекеттерге де керек шара. Біз Қазақстан деген елдің бар екенін, оның мықты, қуатты қорғаныс саласы бар екенін көрсетуіміз керек. Сондықтан бұл шараны алдағы уақытта тұрақты түрде екі жылда бір рет ұйымдастырып тұрған жөн», деді Сенат депутаты Мұхтар Алтынбаев. Бұл ойымен ол бүгін Астанада өткен «КADEX-2010» қару-жарақ және әскери-техникалық мүліктер көрмесінде бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Депутаттың пікірінше, бүгінгі көрмеде еліміздің әскер саласына қатысты барлық салалар бойынша қажетті дүниелер көпшіліктің назарына ұсынылды. «Әрине, біз көрмеге Қазақстан әскеріндегі техниканың жүз пайызын алып келдік дей алмаймыз. Бірақ оның негізгі бөлігі, нақтырақ айтқанда, байланыс құралдары мен сауытты техника, әуе күштеріне қарсы жүйе сияқты басты техникалар осында тұр. Көрме өте жақсы ұйымдастырылған. Бұл бізге қажет және тиімді шара», деді Сенат депутаты.