Қаруланған ер адам елордадағы Kaspi банк ғимаратында бірнеше кісіні тұтқында ұстап отыр

None
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордадағы Kaspi банктің ғимаратында қаруланған ер адам ұйым қызметкерлерін кепілге алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Достық көшесіндегі Каспий банкінің ғимаратында ер адам есікті ішінен құлыптап алғаны туралы хабарлама келіп түсті. Алдын ала мәліметке сай, ер адам қарулы. Оқиға орнында полиция қызметкерлері ер адаммен келіссөз жүргізіп жатыр», - делінген polisia.kz порталының телеграм арнасында жарияланған хабарламада.

Құқық қорғау қызметкерлері елорда тұрғындарынан сабыр сақтап, құзырлы органдардың қызметіне кедергі келтірмеуді сұрайды.

Фото: t.me/POLICE_of_KZ




Соңғы жаңалықтар