Қарулы күштерде парашюттік даярлық қағидалары бекітіледі

Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде парашюттік (парашюттік-десанттық, әуе-десанттық) даярлық жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 731 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасын дайындады. Kazinform бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Қорғаныс мин
Фото: gov.kz

Бұл құжаттың жобасы ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы қаулысымен бекітілген Қорғаныс министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 159) тармақшасына сәйкес әзірленді.

Аталған өзгерістер мен толықтырулар парашюттік (парашюттік-десанттық, әуе-десанттық) даярлықтың тәртібін айқындау, сондай-ақ 32039 әскери бөлім бөлімшелері жеке құрамының оқу, оқу-жауынгерлік және арнаулы міндеттерді орындауы үшін жеке құрамның, қару-жарақтың, әскери техника мен жүктердің тұрақты әзірлігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіледі. 

Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталының «Ашық НҚА» бөлімінде биылғы жылдың 24 қаңтарына дейін мына сілтеме арқылы танысуға болады.

Соңғы жаңалықтар