Президент Қорғаныс министрлігінің үш лауазым иесін қызметінен босатты
АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Қорғаныс министрлігінің бірқатар лауазым иелерін қызметінен босатты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысының өкімдерімен:
Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы лауазымынан босатылды;
Алмаз Дженишевич Джумакеев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды;
Қанат Серікқалиұлы Ниязбеков Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.
Еске салайық, 2026 жылғы 24 қыркүйекте Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қызметші қаза тапқанын хабарлағанбыз. 25 қыркүйекте тағы екі сарбаздың денесі судан шығарылды.
Президент Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты.