Қарулы адам француздық газет редакциясында оқ жаудырды

АСТАНА. 18 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін қаруланған ер адам француздық Liberation газетінің редакциясында оқ жаудырды. Бұл туралы Agence France-Presse хабарлайды. Күдікті қолындағы мылтығымен басылымның фототілшісін жарақаттап, кейін ғимараттан шығып, қашып кеткен. Қазіргі уақытта полиция күдіктіні іздестіруде.

Қарулы адам француздық газет редакциясында оқ жаудырды

Осыдан екі күн бұрын Парижде орналасқан француздық BFMTV телеарнасының ғимаратына тағы бір қарулы ер адам кіріп келіп, журналистерге қоқан-лоққы көрсеткен. Сосын ғимараттан шығып, ізін суытып кеткен. Бұл екі оқиғаның байланысы бар-жоғы қазір тексеріліп жатыр.

Айта кету керек, Liberation газеті - солшылдар мен социалистердің көзқарастары мен идеяларын қолдайтын басылым.