Қарулы адам сот ғимаратына оқ жаудырды

АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - Франкфуртте сот ғимаратына жасалған шабуыл салдарынан 1 адам қаза тапты, тағы бірі ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Бұл жайында шетелдік БАҚ полиция өкілдеріне сілтеме жасап хабарлады.

Қарулы адам сот ғимаратына оқ жаудырды

Жарияланған ақпаратқа қарағанда, шабуылшының қолында мылтық пен пышақ болған. Ол оқиға орын алғаннан кейін бірден полиция қызметкерлерінің қолына түсті. Оқиғаның мән-жайына қатысты басқа еш ақпарат жоқ.