Қарулы Күштер қатарында қызмет ету - абыройлы міндет - Максим Ізтілеуов

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Құрылғанына ширек ғасыр толғалы отырған Қазақстан Қарулы Күштері қатарында қызмет ету - абыройлы міндет. Бұл туралы ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының сержанты Максим Ізтілеуов мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
None
None

Өзінің айтуынша, ол 1985 жылы 2 маусымда БҚО-ның Теректі ауданы Шағатай ауылында дүниеге келген. 2003-2005 жылдары Атырау қаласындағы 5546-әскери бөлімінде әскери борышын өтеген. Содан кейін келісімшарт негізінде бөлімше командирі қызметін атқарған.

Әріптестерінің сөзіне қарағанда, бастапқы күннен-ақ 1-сыныпты сержант М.Ізтілеуов өзін тек жақсы қырынан көрсетіп келеді. Сауатты маман, ұйымдастырушылық қабілеті мол кіші командир өзіне-өзі талап қоя біледі, қарауындағыларға әділ қарайды. Ол өзінің білім-білігін тұрақты жетілдіріп, жеке құрамды тәрбиелеумен айналысады. Кіші командирлермен нұсқаушылық-әдістемелік, практикалық және бақылау сабақтарын өткізеді. Бүрыннан да бөлімше командирі, рота старшинасы, қарауыл бастығы ретінде біраз тәжірибе жинақтаған Максим Ізтелеуов үлгілі әскери тәртібі, жоғары кәсіби шеберлігі үшін «Батыс» өңірлік қолбасшылығы тарапынан әлдеше рет марапатталған. Оны қолбасшылықтың бас сержанты десе де болады.

«Алдағы уақытта да өз міндетімді мінсіз атқарып, Отаныма адал қызмет етуге бар күш-жігерімді салатын боламын. Қазақстанда бейбіт өмірдің салтанат құра беруіне өз үлесімді қоса бермекпін», деді М.Ізтілеуов.

Соңғы жаңалықтар