Қарулы Күштер Құрлық әскерлерінің құрамы Спасскідегі оқу орталығының базасында кәсіби деңгейлерін жетілдіруде

АСТАНА. 27 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің жетекші құрамы Спасскідегі оқу орталығының базасында өз кәсіби деңгейлерін жетілдіруде,

Қарулы Күштер Құрлық әскерлерінің құрамы Спасскідегі оқу орталығының базасында  кәсіби деңгейлерін жетілдіруде

деп хабарлады   ҚР ҚМ баспасөз қызметі.

Сабақтарды жедел-стратегиялық деңгейдегі оқытушылар мен офицерлер жүргізеді. Мұнда жиынға қатысушылар әскери пәндер бойынша жалпы сұрақтарды талқылайды. Әрбір кезекті сабақтан кейін тестілеу әдісі арқылы сабаққа қатысушы офицерлердің материалдарды қалай игергендігі тексеріліп, мониторинг жасалады, нәтижесі анықталған соң дайындық бағдарламасы күшейтіледі.

Әскер басшылары  бүгінге дейін  дене тәрбиесі дайындығынан сынақ тапсырды. Сынақты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубы - Спорт комитетінің өкілдері қабылдады.

Жетекші құрам спортта жақсы нәтижелер көрсетті. Биылғы жылы  жаңа жүйе енгізілді. Барлық нормативтер балдық жүйемен бағаланады. Жалпы балдың саны барлық спорттық сынақтардың қорытындысы мен  кешенді емтихандардың қосындысы арқылы қойылады. Бұл Қазақстан армиясы Құрлық әскерлері жетекші құрамы командирлік дайындығының онкүндік жиынындағы қорытынды бағасы болып саналады. Командирлік дайындық сабақтары 2 ақпанда аяқталады.