Қарулы Күштер Тұңғыш Президент күнін атап өтті

АСТАНА. 3 желтоқсан. ҚазАқпарат - Мереке күндері Қарулы Күштердің барлық әскери бөлімдері мен мекемелерінде жаппай ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиындар болып өтті.

Қарулы Күштер Тұңғыш Президент күнін атап өтті

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 35748 әскери бөлімінде Тұңғыш Президент күніне орай әскери-патриоттық іс-шара ұйымдастырылды. Салтанатты митинг барысында бөлім қолбасшылығы Президентіміздің тәуелсіз Қазақстанның қаз тұрып, қадам басуы мен нығаюына қосқан орасан зор үлесі туралы әңгімелеп берді, сондай-ақ бөлім көркемөнерпаздарының концерті ұйымдастырылды.

Тұңғыш Президент күнін мерекелеу аясында 2013 жылғы 2 желтоқсанда әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері қатысқан спорттық мереке болып өтті. Олар волейболдан, баскетболдан, армрестлингтен күш сынасты.

Жалпы командалық 1-орынды штабтық батальонның жеке қүрамы иеленді, екінші орынды артиллерия дивизионы жеңіп алды, ал 3-орын танк батальонына бұйырды.

Сондай-ақ осы күні Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызметіне арналған кітаптар мен публицистикалық басылымдар көрмесі ұйымдастырылды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.