Қарулы Күштерде мерзімдік қызметтерін атқармаған 3600 азамат әскери міндетті дайындықтан өтпек

АСТАНА. 25 ақпан. ҚазАқпарат - Биыл Семей, Тараз, Ақтау қалаларында Қарулы Күштерде мерзімдік қызметтерін атқармаған азаматтарды даярлықтан өткізетін үш орталық ашылмақ,

Қарулы Күштерде мерзімдік қызметтерін атқармаған 3600 азамат әскери міндетті дайындықтан өтпек

деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

«Жоғарғы Бас қолбасшысының Қарулы Күштерге қойған тапсырмаларына сәйкес, жұмылдыру резервін даярлауға баса назар аударылған. Өткен жылы бұл шараны іске асыру үшін елімізде 9 оқу орталығы құрылып, онда мотоатқыштар, байланыс және арнайы әскерлер үшін 1200-ге тарта әскери міндетті тұлғалар дайындықтан өткен. Биыл бұл орталықтар арқылы 3600 әскери міндетті дайындықтан өтпек»,-делінген ведомствоның таратқан ақпаратында.

Сондай-ақ, жоғары оқу орындарындағы әскери кафедралар мен әскери техникалық мектептердің әлеуеті пайдаланылмақ. Бұл жиындарға Қазақстанның барлық аймақтарынан азаматтар тартылады.