Қарулы Күштерде сержанттар құрамын кең ауқымда оқытудың бірінші кезеңі аяқталды

ТАНА. 28 шілде. ҚазАқпарат - Бұдан бұрын хабарланғандай, өткен жылы сержанттар құрамының командалық буынының кәсіби даярлығын көтеру мақсатында

Қарулы Күштерде сержанттар құрамын кең ауқымда оқытудың бірінші кезеңі аяқталды

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Штабтар бастықтары комитетінің төрағасы генерал-лейтенант С.Жазұзақовтың ұтқыр оқу-жаттықтыру топтарын (бұдан әрі - ҰОЖТ) құру туралы шешімі қабылданған болатын және бұл сержанттарды оқыту жоспарында ең нәтижелі жаңалықтардың бірі болды, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Ұтқыр оқу-жаттықтыру топтары әрқайсысы 8 адамнан, сержанттар арасынан, жеке пәндер бойынша ерекше дайындалған, барлығы 54 адамды құрайтын, әскер тектері мен өңірлік қолбасшылықтардың сержанттарынан құралды. Бұл топтарды дайындау үшін сержанттарды жауынгерлік даярлық пәндері бойынша сабақтарды өткізу әдістемесін үйреткен ҚР ҚМ Кадет корпусынан ең жақсы оқытушы-әдіскерлерді тартумен оқу-әдістемелік курстары ұйымдастырылды.

Бұдан әрі бұл дайындалған топтарды гарнизондардан гарнизондарға орналастыра отырып, сержанттар құрамының жиынын өздерінің білімдері мен жетістіктерін тізбектей отырып, роталар (батареялар) сержанттар санаттарын оқытты, ал бұл 600-ге жуық адам.

Ағымдағы жылы, өткен жылғы оң тәжірибелерді іссапарлық шығындарға қаржы заттарының үнемділігін және оқығандардың көп көлемін қамту мақсатында 18 әскери гарнизонда 144 адамнан құралған ҰОЖТ құрылды. Қазіргі кезде осы гарнизондардың әрқайсысында ҰОЖТ күшімен взвод сержанттары және бөлімше командирлері оқу-әдістемелік курстар жүргізеді. ҰОЖТ орындарында жұмыстарын ұйымдастырумен түрлердің, әскер тектерінің, өңірлік қолбасшылықтардың сержанттары, жалпы үйлестірумен - ҚР ҚМ ШБК Сержанттар құрамымен жұмыс жөніндегі басқармасы айналысады.

Осылай жазғы оқу кезеңінде «бөлімше-взвод» сержанттарының буынынан 600-ге жуығын оқыту жоспарлануда, бұл жерде ретімен бағыныстыларын оқыту үшін өздерінің алған білімдерін қолданады. Бүгінгі күні 1500 сержанттарға жуығы оқып шықты

Бәрімізге белгілі, кіші командалық буынның оқытылуы және кәсіпқойлығы бүкіл әскерлердің жауынгерлік даярлығын игі ықпал етеді. Сондықтан да осы көлемді іс-шараның оң нәтижелерін жақын уақытта бағалауға мүмкіндік туады.