Қарулы күштерде шұғыл оқу-жаттығу басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 7 қарашада ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысы Н. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Қорғаныс министрі ҚР ҚК десанттық-шабуылдау әскерлері мен Әуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімдерін дабыл бойынша көтеріп, жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Қарулы күштерде шұғыл оқу-жаттығу басталды

Қарулы күштерде «Құрамалар мен бөлімдерді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру. Дағдарыстық ауданға қайта топтасуды ұйымдастыру. Арнайы әскери операцияны дайындау және жүргізу» тақырыбында ҚР ҚК десанттық-шабуылдау әскерлерімен шұғыл оқу-жаттығуы басталды.
null 

Тексеріс шеңберінде лектердің құрылу ауданына әскери техниканың шығуы жүзеге асырылды. Әскерлер әскери полигондарға ұзақ қашықтыққа құрамдастырылған тәсілмен жорыққа шығады.
null 

Оқу-жаттығуға 5 мыңға жуық әскери қызметші, шамамен 500 бірлік қару-жарақ пен әскери техника, 20-дан аса бірлік ұшақ пен тікұшақ тартылды.
null 

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты - арнайы әскери операцияны дайындау және жүргізу, әскер тектерінің бөлімдері мен құрамалары арасындағы түраралық өзара іс-қимылды ұйымдастыру, сондай-ақ, арнайы әскери операцияны жүргізу амалдары мен тәсілдерін жетілдіру жөнінде тапсырмаларды орындауға басқару органы мен әскерлердің жай-күйін тексеру.

Оқу-жаттығу қарашаның 7-і мен 11-і аралығында өтеді. 

nullnull