Қарулы күштерде жауынгерлік әзірлік мәселелері бойынша тактикалық-саптық сабақтар өтуде

Тактикалық-саптық сабақтар «қарапайымнан күрделіге» қағидаты бойынша өткізілуде. Ең алдымен, бөлімшелер мен взводтар деңгейінде, әрі қарай роталар мен батальондар, әскери бөлімдер, өңірлік қолбасшылықтар (әскер тектері), содан кейін әскер түрлері деңгейінде және Қарулы күштер ауқымында өтеді. Бұл сабақтардың мақсаты - жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру және арналуы бойынша тапсырмаларды орындау барысында әскерлерді басқару кезінде басқару органдарының (щтабтардың) жұмыс жасау үйлесімділігін арттыру, Қарулы күштердің хабардар етілу жүйесін тексеру, жасақтаушы жергілікті әскери басқару органдарымен, басқа да әскерлер және әскери құралымдармен әскери бөлімдердің өзара іс-қимылын ұстап тұру.
Еске сала кетсек, 2 желтоқсанда Қазақстанның Қарулы күштерінде «Қарулы күштердің 25 жылдығына - жоғары жауынгерлік әзірлік!» ұранымен жаңа оқу жылы басталған болатын.