Қарулы Күштердің 25 жылдық мерейтойына орай интерактивті дәріс өткізілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында «Қарулы күштер - Тәуелсіздік қорғаны» деген ұранмен интерактивті дәріс өтті. Қазақстан Қарулы Күштерінің 25 жылдығына орайластырылған іс-шараны республикалық мектеп оқушылары онлайн режимде тамашай алды. аталған интерактивті дәріс Қорғаныс министрлігінің ресми сайтында тікелей эфирден көрсетілді.  
None
None

Бұл іс-шараға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Талғат Мұхтаров, ҚР ҚК Әуе қорғанасы күштері Бас қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Қайрат Садықов, ҚР ҚК Құрлық әскерлері Бас қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары полковник Дулат Адырбеков және ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері Бас қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары 1-ші дәрежелі капитан Ермек Байғабылов қатысты.

«Мемлекеттің құрылуы, дамуы және гүлденуі үшін жиырма бес жыл - бұл өте қысқа мерзім. Алайда, біздің Елбасы - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен біз күллі әлем қауымдастығына біздің еліміз бұрынғы одақ елдерінің арасында және бүкіл әлемде ең үздік болуға лайық екендігін дәлелдедік. Біздің еліміздің 25 жылдық дамуында біздің Армия да өте қарқынды, жоспарлы дамыды және қазіргі таңда бізде жеткілікті жарақталған, кәсіби Қарулы Күштеріміз бар», -деп интерактивті дәріс барысында Қорғаныс министрінің орынбасары генерал майор Талғат Мұхтаров атап өтті.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, бұндай шара бір жағынан уақыт талабына сай болса, екінші жағынан, балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеуде аса маңызды болып табылады. Сондай-ақ, 1 мамыр Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесінен кейін және 9 мамыр Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін дәстүрлі мерекелеу қарсаңында атап өтілетін
7 мамырдағы Отан қорғаушылар күні қазіргі Отан қорғаушылар мен болашақ ұрпақтары үшін қанды майданда жеңіске қол жеткізген аға буын арасындағы рухани байланыс пен сабақтастықтың символы іспеттес қабылдануы керек.

Сонымен қатар, генералдар республикалық мектеп оқушыларына қазақстандық армияның тарихы мен бүгінін және жеткен жетістігі туралы мейлінше толық әңгімелеп берді. «Әуе қорғанысы күштері техника мен қару-жарақтарда жабдықтау бойынша Қарулы Күштерінің жоғары технологиялық және ұтқыр түрлері болып саналады. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тарихында бірінші рет осы заманғы жауынгерлік Су-30 СМ ұшағы алынды. Осы күнде ол әлемдегі мықты көпфункционалды жауынгерлік ұшақ болып табылады», - деді сөз сөйлеген авиация генерал-майор Қайрат Садықов.

Ал мектеп оқушылары өз кезегінде әскерилерге өте қызықты, оның үстіне ұмытылмас әсер сыйлаған интерактивті ерекше дәріс үшін өз алғыстарын білдірді. Сондай-ақ, оқушылар іс-шараның соңында Қарулы Күштердің 25 жылдығына арналған бейнероликті тамашалады.

Бұл өткен дәріс оның қатысушыларының санасына серпін беріп естерінде ғана қалып қоймай, сонымен бірге бүгінгі өскелең ұрпақты - ертеңгі біздің Отан қорғаушыларымызды тәрбиелеуге орасан зор үлесін қосқан іс-шара болғаны анық.

Тарихқа көз жүгіртер болсақ, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 1992 жыл­ғы 7 мамырдағы Жарлығына сәйкес Қа­зақ­стан Республикасы Қарулы Күш­тері­ құрылды. Сол кезден бастап, қазақ армиясының іргетасы қаланды. Жыл санап, төл әскеріміздің қатары толығып, жаңадан жасақталған заманауи әскери құралдармен толықты. 

Соңғы жаңалықтар