10:36, 01 Мамыр 2017 | GMT +5
Қарулы сириялық оппозиция Астанада өтетін келіссөздерге қатысуға келісім берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарулы оппозиция Ресейден Сирия бойынша келіссөздерге қатысуға шақырту алды. Сириядағы қарулы оппозиция топтарының ешқайсысы Сирия бойынша Астанада өтетін келіссөздерге қатысудан бас тартқан жоқ, деп жазды Life.ru.
Қазақстан астанасындағы кездесу 3-4 мамырға жоспарланған. Қарулы топтар делегациясының мүшесі Фатех Хассунның мәлімдеуінше, шараға шақырту ресейлік делегациядан келіп түскен.
Оның айтуынша, қарулы топтардың өкілдері Ресейдің бұл ұсынысына «жер бетіндегі жағдайды жақсартуға септігін тигізетін» мүмкіндік ретінде қарап отыр. Хассун Ресейдің процесс кепілгері болады деп үміттенетінін білдірді.
Еске сала кетсек, 14-15 наурыз күндері өткен алдыңғы келіссөздерде жауынгерлік іс-қимылдарды тоқтату режимінің кепіл мемлекеттер - Ресей, Түркия, Иран делегациялары қатысты. Сондай-ақ, кездесуге АҚШ, Иордания, Сирия үкіметі және БҰҰ өкілдері келді.