Қарыз мерзімін ұзарту жобаларды қымбаттатады – Жоғары аудиторлық палата

АСТАНА. ҚазАқпарат – Жоғары аудиторлық палата 2022 жылғы 12 айда 124 объектіде өткізген 20 аудиторлық іс-шараның қорытындысын шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Көлік инфрақұрылымын дамыту жобаларының қарыздарын бірнеше рет ұзарту жұмыс құнының қымбаттап, қарызға қызмет көрсетуге арналған қосымша төлемдерге әкеп соғады. Талап етілмеген қарыз сомасын резервтегені үшін 1,6 млрд теңге төленді», - деп жазылған палата мәліметінде.

Палата мамандары осы айтылғандарға нақты мысал келтіреді.

«Оңтүстік-Батыс автмобиль жолын дамыту бағытында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізіне тартылған 2 млрд 125 млн доллар қарыздың мерзімі төрт рет ұзартылды. Қарызды игеру кезеңі 4 жылдан бастап 15 жыл 4 айға дейін ұзартылды (2025 жылғы 30 сәуірге дейін).

Шығыс-Батыс а/ж дамыту жобасы бойынша (Алматы-Қорғас учаскесі: Батыс Еуропа-Батыс Қытай халықаралық транзиттік дәлізі) 1 млрд 068 млн доллар қарызды қолдану мерзімі 4 жылдан (2017 жылдың маусымына дейін) 10 жыл 10 айға дейін (2024 жылдың 30 сәуіріне дейін) екі рет ұзартылды.

«Ақтөбе-Мақат» автомобиль жолын реконструкциялау жобасы бойынша 240,3 млн доллар қарыздың қолдану мерзімі 2021 жылғы желтоқсаннан 2023 жылғы желтоқсанға дейін ұзартылды», - делінген құжатта.


Соңғы жаңалықтар
Референдум