Қарызға батқан бизнесмен отбасын қырып тастап, өз-өзіне қол салды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кредиттен қарызы болған Краснояр өлкесі Артемовск қаласында тұратын бизнесмен әйелін, ұлын, қызын атып өлтіріп, артынша өз-өзіне қол салған.
Бұл туралы ТАСС-қа өлкенің күш құрылымдарындағы дереккөз хабарлаған.
"Өткен сенбіде Курагинск ауданы Артемовск қаласында пәтерде 1976 жылы туылған ер адамның, оның әйелі мен балаларының мүрдесі табылды. Ұлы 1998 жылғы, қызы 2006 жылғы. Олардың мүрдесін пәтерге келген ер адамның анасы көрген. Алдын ала дерек бойынша ер адам отбасын атып өлтіріп, содан кейін өз-өзіне қол салған", - деп хабарлады дереккөз. "Бизнесменнің ағаш дайындаумен айналысатыны белгілі. Оның бұл әрекетіне кәсіпкердің кредиттік қарызы себеп болуы мүмкін".