Қарызы бар азаматтарға шетелге баруға тыйым салынады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жадыраған жазда демалысқа шығып, сапарға шығатындар саны артады. Қазақстандықтар отандық «Бурабай», «Сарыағаш» шипажайларына барады, Алматы маңындағы тауларда демалады және т.с.с. Дегенмен, адамдардың басым бөлігі шетелдік курорттарды таңдайды. Олар көбінесе Түркия, БАӘ, Грекия және Таиланд елдерінде демалады.

Қарызы бар азаматтарға шетелге баруға тыйым салынады

Бірақ қазақстандықтар көптен күткен демалысына бармай қалмас үшін сот актілері бойынша қарыздарын уақытылы өтеуі тиіс. Борышкерлер мемлекеттік шекарадан асып кете алмайды, өйткені сот орындаушысы «Атқарушылық іс-жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» ҚР заңына сәйкес борышкердің Қазақстаннан тыс шығуына уақытша шектеу қою туралы қаулы шығаруға құқылы. Қандай да болмасын қарызың болса, алимент, несие мен займдарды, салықтарды, айыппұлдарды, ТКШ және басқа да төлемдерді төлемесең шетелге бармай қалуың мүмкін.

ҚР Әділет министрлігі қызметкерлерінің айтуынша, өндіріп алушымен екі жақты келісімге қол жеткізілген жағдайда немесе қарызды толық қайтарғанда ғана шетелге баруға рұқсат алуға болады. Содан кейін азаматтар елден тыс шығуға тыйым салу санкциялары тізімінен алынып тасталады және олардың саяхатқа шығуларына болады. Сонымен қатар, Қазақстаннан тыс жерлерде ем-дом қабылдау қажет болған жағдайда шетелге баруға тыйым салу тоқтатылуы мүмкін, деп жазады astana.gov.kz.