18:39, 01 Тамыз 2012 | GMT +5
Қарызын қайтармау үшін, кредиторын тапсырыспен өлтіруге бел буды
АСТАНА. 1 тамыз. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы ІІД жедел қызметкерлері Ресей Федерациясы Владимирск облысындағы әріптестерінің көмегімен 2009 жылы Қарағанды қаласының 60 жастағы тұрғынын өлтіруге тапсырыс берген қылмыскерді ұстады.

Алдағы уақытта күдікті, 28 жастағы Қазақстан азаматы елімізге экстрадицияланады. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметінен хабарланды.
Тергеу барысында анықталғандай, қылмыскер жәбірленушіге 4,5 мың АҚШ долларына берешек болған екен. Осы қаражатты қайтармауды ойлаған ол 2009 жылғы наурыз айының басында өз танысына 500 АҚШ долларын беріп, кредиторын өлтіруге көндіреді.
Алайда, адам өлтіруші көп ұзамай полиция қызметкерлерінің қолына түсіп, кейіннен 10 жылға бас бостандығынан айырылады. Ал тапсырыс берушіге іздеу жарияланған болатын. Қазіргі уақытта ұсталғанға қатысты оны Қазақстанға экстрадациялау мәселесі шешілуде.