Карзай «Талибан» қозғалысының басшысымен кездесуге әзір

АСТАНА.  Желтоқсанның 4-і. ҚазАқпарат -  Ауғанстан  Президенті Хамид  Карзай бейсенбі күні    жасаған мәлімдемесінде,  «Талибан» қозғалысының»    басшысы  Омар молдамен  консультация  үшін  кездесуге  әзір екенін  айтты. 
None
None

Бұл туралы      британдық «Скай  Ньюс» телеарнасы хабарлап отыр.

 «Мен    Омар  молдамен   сөйлесуге     әзірмін.   Ауған  президенті  ретінде    елде тыныштық орнатудың кез келген  мүмкіндігін    пайдалануға  дайынмын.   Бірақ та мен    халықаралық   қоғамдастықтың  қолдауынсыз    өздігімнен   мұндай қадамға  бара алмайтынымды да түсінемін»,   деп мәлім етті Карзай.

 «Біз «Талибанмен» келіссөз жүргізуіміз керек, себебі  Ауғанстанның  қазіргі       қажеттілігі  осы.  Лаңкестік пен экстремизмге  қарсы күресте  тек  қарулы  әрекеттермен     жеңіп   шығу мүмкін емес», деп  атап көрсетті ауған  президенті өз сөзінде.

Соңғы жаңалықтар