Қаржаубай Сартқожаұлы індет жайлы: Күш біріктірсек қана бұл қиындықтан құтыламыз
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдаған үндеуін тыңдадым. Президент бастамасын толық қолдаймын. Әлемге таралған жұқпалы індет халқымыздың еңсесін баса алмайды. Елімізде карантин режимі ерте енгізіліп, сақтық шаралары уақтылы жасалды. Десе де қазіргі уақытта ауру жұқтырған адамдардың саны артып барады. Біз бірлікте күш біріктірсек ғана бұл қиындықтан құтыламыз. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі алғашқы кезеңнен бастап халыққа ақпарат беріп отырды. Кеткен кемшіліктерді уақыт таразылайды», - дейді Қаржаубай Сартқожаұлы.
Еске сала кетсек , бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты үндеу жариялаған болатын. Президент отандастарымызды халқымыздың басына түскен сынақ алдында қайсарлыққа, сабыр мен жауапкершілікке шақырды.