Қаржы министрлігі 2025 жылы қанша адам декларация тапсыратынын айтты

2023 жылы 13 млн адам декларация тапсырады
Фото: Қаржы министрлігі

АСТАНА. KAZINFORM – 2023 жылы 13 млн адам декларация тапсырады. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Миятов айтты.

«Төртінші кезеңде, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтардың қалған 6,4 млн-нан астам санатын қамту жоспарланған. Мысалы, жеке құрылымдардың қызметкерлері, зейнеткерлер, үй шаруасындағы әйелдер, студенттер және басқалары. Жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне шамамен 13 млн адам енеді деп жоспарланған», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның дерегінше, жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңінде 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 580 мыңға жуық мемлекеттік қызметші және оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары «кіру» декларациясын тапсырды. Екінші кезеңде, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап декларацияны мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектордың шамамен 2,1 млн қызметкері, сондай-ақ олардың жұбайлары табыс етті.

«Үшінші кезеңде, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап декларацияны шамамен 3,9 млн жеке тұлғалар тапсырады. Олар заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары, дара кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары. Активтер мен міндеттемелер туралы «кіру» декларациясын 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары, қатысушылары, дара кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары, оның ішінде әрекетсіз және қызметін тоқтатқан кәсіпкерлерде ұсынады. Филиалдар мен өкілдіктердің басшылары декларацияны ұсынуға міндетті емес. Сонымен қатар 2024 жылы жеке практикамен айналысатын адамдар, атап айтқанда нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары және кәсіби медиаторлар «кіру» декларациясын ұсынбайды», - деді Қайрат Миятов.

Соңғы жаңалықтар