Заңсыз кірістер: Жыл басынан бергі кедендік декларациялар айырмашылығы – 1 млрд доллар

АСТАНА. KAZINFORM – Осы жылдың басынан бері сыртқа шығарылған қаражаттың кедендік декларациямен айырмашылығы 1 млрд долларды құрады. Бұл жайында Jibek Joly телеарнасының «Қайтарылуы тиіс» деректі фильмінде Бас прокуратура жанындағы Активтерді қайтару комитетінің төрағасы Нұрдәулет Сүйіндіков айтты.

Зона таможенного контроля Кедендік бақылау аймағы
Фото: Александр Павский/ Kazinform

«Үшінші елген шығарылған қаражат барлық уақытта да тауарлық түсіммен қамтамасыз етілмейді. Біз мұндай келісімшарттарды бақылауда ұстаймыз. Егер жеткізу мерзімі өтіп кетсе, онда тексеру іс-шараларын қолға аламыз. Осы жылдың өзінде ғана 225 материал бойынша мәліметті құқық қорғау органдарына бердік. Анықталған айырмашылық сомасы шамамен 1 млрд долларды құрайды. Яғни, алдын орай жұмыс істе жатырмыз. Бірден кедендік декларацияны, сыртқа шығарылған қаражатты салыстырамыз және экономикалық қызмет қатысушыларының деректерін бақылауға қоямыз. Екінші бағыт – бұл трансферттік баға кесу. Біз экспортқа тауарды көп шығаратындығымыз құпия емес. Бұл біздің жер қойнауымыз, байлығымыз. Бірақ, кейде оған пара-пар түсім алмаймыз. Яғни, төмендетілген бағамен сыртқа кетуі мүмкін. Бұл белгілі бір ірі компаниялардың, әсіресе жер қойнауын пайдаланушылардың заңсыз табыс алу тәсілі саналады», - деді Ержан Біржанов.