Қаржы мониторингі агенттігі азаматтарға арналған WhatsApp-ботты іске қосты

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Енді ақпаратты түрлі сайттардан іздеудің қажеті жоқ, жай ғана 8-701-00-1458 нөміріне хабарлама жібересіз.  

Қаржы мониторингі агенттігі азаматтарға арналған WhatsApp-ботты іске қосты
Фото: pixabay

Ол жерден сіз жиі қойылатын сұрақтарға жылдам жауап аласыз, уәкілетті органдардың өзекті байланыс деректерін таба аласыз, нормативтік-құқықтық актілерге қол жеткізесіз.

— Чат-бот арқылы сіз экономикалық құқық бұзу туралы хабарлай аласыз, — делінген хабарламада. 

Айта кетелік қазақстандықтар жемқорлық туралы хабарлағаны үшін 15,7 млн теңгеге дейін сыйақы ала алатыны туралы жазған едік. Сонымен қатар жемқорлық туралы хабарлаған алматылықтарға 1,2 млн теңге сыйақы берілді

Соңғы жаңалықтар