Қаржы пирамидасын құрғаны үшін іздеуде болған қазақстандық Бішкекте ұсталды
Адамды тану қабілеті бар бейнебақылау камераларының көмегімен Қазақстанда іздеу жарияланған азамат Қырғыз астанасынан табылды. Kazinform бұл туралы Кабар агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің дерегі бойынша, бейнебақылау жүйесі оны қаржы пирамидасын құрғаны және басшылық жасағаны үшін іздеу салынған адам ретінде тіркеді.
2023 жылы желтоқсан айының соңында Бішкек қаласының бақылау камералары Алматы қаласы Медеу аудандық полиция басқармасы ҚР ҚК 217-бабы «Қаржылық пирамиданы құру және оған басшылық ету» бойынша іздеу жариялаған О.А. есімді Қазақстан азаматын анықтады. Бішкекте ұсталған Алматы қаласының тумасы қамауға алынды.
Айта кетейік, 2021 жылы сәуір айында Қазақстанда салымшылар үш компанияның қызметіне қатысты ұжымдық арыз жазып, оларды қаржы пирамидасы деп атады. Бұл компаниялар өзін инвестиция саласындағы табысты ұйымдар деп таныстырған. Ол пайдалы инвестицияларды ұсынатын осы «жоба» көшбасшыларын ұстай бастаған кезде, жасырынып үлгерген.
Компаниялар салымшылардың бірнеше миллиард теңгесін заңсыз алған. Қаржы ағынын арттыру мақсатында қаржы пирамидалары қызметіне танымал блогерлерді де тартқан. Сот қаржы пирамидасына қатысы бар екі вайнерді 5 жыл бас бостандығынан айырған болатын.