Қаржы тапшылығынан болған кемшіліктерге мектеп директорлары жауап бермейді - депутат

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Құрылтайдағы Үкімет сағатында депутат Асхат Аймағамбетов мектеп директорларына тиесілі емес жауапкершіліктен босату тетіктерін түсіндірді.

Асхат Аймагамбетов
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

- Комитеттің (Құрылтайдың Әлеуметтік-мәдени даму комитеті) бастамасымен мектеп тамағын бақылау бойынша заңда жаңа тәсіл бекітілген, яғни енді тескеру кенеттен жүргізіледі. Бірақ алғашқы жолы айыппұл салынбайды, оның орнына әдістемелік көмек көрсетіледі, - деді А.Аймағамбетов

Оның айтуынша, бұл кемшілік қаржы бөлінбегендіктен туындаса, онда директор емес, қаржы бөлмеген орган жауап береді.

- Енді, дәл осы тетікті өрт қауіпсіздігіне және балалар қауіпсіздігінің басқа да салаларына тарату бойынша біз арнайы заң жобасын, түзетулерді дайындадық, - деді депутат.

Бұған дейін хабарланғандай, 2027 жылдан балабақшаларды міндетті лицензиялау енгізіледі.